dalainside.kz сайтының меншік иесі – «Танабасов» ЖК.
БАҚ ретінде тіркелген ақпараттық-сараптамалық сайт
ҚР АҚДМ Ақпарат комитеті 27.05.2022ж. KZ38VPY00049688 Куәлігі
Тәуліктік аудиториясы 5 мың қолданушы, бір айлық аудиториясы 150 мың қолданушы
«Танабасов» ЖК 2022 жылдың 20 қарашасында өтетін ҚР Президент сайлауына қатысатын барлық үміткерлерге сайлауалды үгіт-насихат материалдарын dalainside.kz сайтына орналастыру талаптарын жариялайды.
Сайттан орын ұсыну туралы келісім үміткер мен сайттың меншік иесінің жазбаша жасалған келісімшарты негізінде жасалады.
Сайтта үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін редакцияға ҚР Президенттігіне үміткер немесе оның сенімді өкілінінің жазбаша өтініші түсуі шарт;
Жазбаша өтініште үміткер немесе оның сенімді өкілінің үгіт-насихат материалдарын сайтқа жариялауға келісімі мен қол қойылған мерзім көрсетілуі керек;
Үгіт-насихат материалдары сайтқа шығатын мерзімнен бір жұмыс күн бұрын беріледі.
Егер Президенттікке үміткер сайлау алдындағы бағдарламасында Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскери құрылымдар құру идеяларын уағыздайтын болса, сайт үгіт-насихат материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы.
dalainside.kz сайтының материалды жариялау төлемақысы
- Дайын мақаланы жариялау (сайлауалды платформа, ақпарат) – 250 000 тг. ҚҚС-сіз. (көлемі 5000 белгіге дейін, 3 фотоға дейін)
- Үміткердің сұхбаты (үміткердің дайын сұхбаты) – 300 000 тг. ҚҚС-сіз. (көлемі 9000 белгіге дейін, 3 фотоға дейін)
Жарнамалық банер
980*125 px 50 000 тг/ тәулігіне. ҚҚС-сіз.
ҚҚС тіркелмеген