-2.1 C
Алматы
Суббота, 23 ноября, 2024
spot_img

Қазақтар да демократияны қалайды

«Ресей пропагандасы украин деген ұлт жоқ деп көкиді. Олар орыс халқының бір бөлігі деп бөседі. Шындығында, украиндерге де ұзақ уақыт бойы қазаққа жасалғандай орыстандыру саясаты жүргізілді», дейді тарихшы Асылбек Бисенбаев ZonaKZ интернет-газетіне берген сұхбатында.

Тарихшының сөзінше, қазақ сияқты украиндерге де аштық жасалды.

– Ал аштық деген не, ол украиндер тұратын ауылдар аштықтан қырылып, оның орнына Ресейден келген орыстар тұрып алсын дегені. Бізде де солай болған еді, қазақ азайып, оның орнын алыстан айдалып келген басқа халықтар басты. Сосын патша кезінде Ресей украин тілін қолдануға тыйым салды. Нәтижесінде бүгінгі украин де, белорустар да Ресейге қосылғысы келмейді.

Назарбаевтың сөзімен, Путиннің қолымен құрылған ЕАЭО қазақтың ұлтық мүддесіне сай емес. Бұл одақ – Қазақстанның тәуелсіздігін тежеу мақсатында Кремльдің ойлап тапқан шоқпары. Біздің кешегі тоқтап қалған мұнай құбырымыз Ресей арқылы өтеді. Қазақстан, немесе басқа да көршілес ел Ресейге сапалы тауар экспорттауға тырысқан кезде, «ойбай, мынауың талапқа сай емес», деп тыйым сала қоятын ресейлік санитарлық бақылаушылар сап ете қалады. Мәселен, Грузия еуропалық жобаларға қатысайын деген сәтте грузиялық тауарлар Ресейдің санкциясына іліге жөнелді. Украинаның, Беларуссияның тауарларына да сол. Ресей осылай өзінің өзі мәжбүрлеген одақтастарына біржақты экономикалық қысым жасауға құмар. ОДКБ дегені – әскери қысым жасайтын шоқпар, Беларусь пен Қазақстанды тырп еткізбеу амалы. Қазір бұл ұйымның екі мүшесі – Ресей мен Беларусь Украинаға қарсы соғыс жүрзігіп жатыр. Ал Қазақстан да Украинамен соғысуы керек пе? Жоқ. Өйткені біз Украинаның тәуелсіздігі мен жерінің тұтастығын мойындаймыз. Құдайға шүкір, біздің билік Қырымды мойындамады, анау сепаратистік ЛНР мен ДНР-ін де мойындамадық. ОДКБ де қазақтың мүддесіне сай емес, шындығында ол тек билеуші топтарға бағынышты халықтарды басып-жаншу үшін керек. Демократияланып кетейін деген қауіпті қоғамдарды қараңғы шұңқырға қайта тығу үшін қажет. Әне, қаралы қаңтар оқиғасы тура осыны дәлелдеді.

1991 жылы құрылған, тоғыз елді біріктірмек болған ТМД деген құрылым қазір өздігінен жоқ болды. Ресей 2014 жылы Қырымда Украина жерін жаулап алғаннан кейін. Сол жылы Украина ТМД-ның төрағасы болатын. ТМД өзінің ешбір мүшесін Ресейдің басқыншылығынан қорғай алмайтыны анық білінді. Ресей жалпы, ешбір келісімі мен уәделерін орындамайды екен. Қазақстан да Ресеймен көптеген келісімдерге қол қойып, талай уағдаластық жасасып тастағанын ұмытпайық. Ресей әрине, әлі де кеңейсем дейді. Бірақ қазіргі заманда әскери күшпен ықпал ету қиын, ықпалға тек мықты экономикамен, озық технология, ғылыми-техникалық прогресспен ие бола аласың. Мұның бәрі Ресейде жоқ! Сенбесеңіз, экономиканың дамуы, ғылымның дамуы сияқты халықаралық рейтингтердегі Ресейдің қазіргі орнын қараңыз. Ресей қатты кенжелеп, тым артта қалды. Батыс әлемінің тарапынан енгізілген санкциялар Ресейді енді тіпті күресінге лақтырып тастайтын болды. Ең жаманы, Украинадан таяқ жеген Ресей енді өзінің империялық мәртебесін бірдеңе қылып бекіту үшін тек Қазақстан мен Белоруссия сияқты ең әлсіз елдер есебінен кеңеюі мүмкін. Сол себепті бізде соңғы кездері күн сайын неше-түрлі арандатушылықтар болып жатыр. Қазақстанға қазір өте сақ болып, өз қауіпсіздігін күшейту керек. Экономикалық саясатын жетілдіріп, өз қоғамын шын демократияландыруы керек, қазіргі өтірік фейк демократиямен өз халқын алдамай. Барлық қазақстандықтарды ұлтына қарамастан шын демократияның, тәуелсіздіктің идеологиясы айналасында біріктіру керек. Ол үшін бізге бірақ шынайы реформа керек. Әзірге ол жоқ, – дейді ол.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар