Президент сайлауынан кейін шетелдегі қазақ оппозициясының символы, Қазақстанның экс премьер-министрі Әкежан Қажыгелдиннің елге қайтуына еш кедергі болмайды.
Бұл туралы, жағдаймен жақсы DALA INSIDE дереккөзі хабарлады. Қазір Қажыгелдин Ақордамен шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша бірлесе жұмыс істей бастады. «Жаңа Қазақстан» оған жылы рай танытқан және Әкежан Мағжанұлы мен Қазақстандағы басқарушы режим арасында өзара түсіністік пен сенім орнаған.
Қажыгелдин елге келу үшін 2001 жылы өзіне қатысты шығарылған сот шешімінің күшін жоюды, бір сөзбен айтқанда саяси ақтауды талап еткен.
Оны Матаевтар сценарийімен жүзеге асыруға болады. Қажыгелдинның өкілі ретінде Қазақстаннан адвокат шығып, Бас прокуратураға өтініш жолдауы керек.
Бірақ, қазір бұл сұрақ паузада. Ақорда бұл мәселеге тек президент сайлауынан кейін оралмақ. Себебі, қай президент сайланады, сол президенттің бұл мәселеге өзіндік көзқарасы болуы мүмкін.
Тағы бір мәселе. Қажыгелдин Қазақстанға түпкілікті көше қоймайды. Бірақ, барып келіп жүруге, туған жеріне барып Құран оқытуға, туыстарымен кездесіп ел-жер аралауға ниеті жоқ емес.