-2.1 C
Алматы
Суббота, 23 ноября, 2024
spot_img

Қап-ай. Қазақ тілінің бастығы дауға қалды

Бұ кісі соңғы күндері бір емес, екі дауға іліккен екен. Біріншісі – секс тақырыбымен байланысты.

Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қабаев жұмыста тыныш отырмай , бірге істейтін бір келіншекті кабинетіне жиі шақырып алып, «әмпей-жәмпей» боп жүргенге ұқсайды.

Әлгі әйелдің күйеуі арыз жазды. Құрғыр шенеунік Қабаларыңның менің қатынымда несі бар деп.

Сөйтсек, бастық Қаба еден жуып, шаң сүртетін әлгі әйелмен «сұмдық сөйлесіп» қояды екен. Мына сілтемеде бәрі айтылады.

Екінші дау – Қаба әлеуметтік желіге Желтоқсан оқиғасынан түсірілген ескі суретті жариялап, «мына тұрған қасқа менмін» деп бөскен. Шындығында, суреттегі ол емес, Сабыр Шынасылов деген адам боп шыққан.

Қазақ халқы қазір өзі сайламайтын қу шенеуніктердің қай өтірігіне сенерін білмей қалды. Абаевтар мен Қабаевтар бастық болған заман-ай.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар