-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября, 2024
spot_img

Күлмеңіз. Келесі президент Астана атауын тағы өзгертеді

Германияда жұмыс істейтін Bild басылымының журналистері «Қазақстан ақырындап болса да демократиялану жолына түсті ма», деген сауалды қазақстандық публицист Сергей Дувановқа қойыпты.

Дувановтың сондағы айтқан жауабы мынадай болған екен:

– Жоқ, қайдағы демократия. Назарбаев кезінде де 30 жыл бойы «мынау декомратияға басатын қадам» деп қойып, небір түзетулер енгізіліп келді. Бірақ іс жүзінде бәрі баяғы таз қалпында қалатын. Айналып келгенде, Қазақстан Орталық Азиядағы классикалық авторитарлық режим боп тұр. Реформалар жасаймын деп уәдені үйіп-төгіп отырған жаңа президенттің ескі билікті жалғастыра беруден де бас тартпайтынын көріп отырмыз.

Астана атауын қайтару ыңғайыссыз, ұяттылау жағдай. Өздері өзгертіп алып, енді өздері түзетіп жатқаны үшін мен ұяламын. Астанасының атауын аз уақытта төрт рет ауыстырған ел жоқ шығар. Ақмола еді ат ауыстырғыштардың қолында ойыншық боп қалған ол бейшара қаланың тарихи атауы. Егер Тоқаевтан кейін билікке басқа президент келіп, астананың атауы тағы өзгертіп жіберсе, мен түк те таң қалмаймын,

– ДЕПТІ ПУБЛИЦИСТ.
Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар