Енді Қазақстанда баспана одан сайын қымбаттайды. Кедей қазақ қаладан пәтер жалдамақ түгілі, жанына жолай алмай қалады.
Сырадан бастап сұйық майға дейін азық-түлік қымбаттайды.
Қазақстанға қаптап кіріп жатқан орыстың көбі өзіміз сияқты қара кедей. Олар ертең кез-келген қара жұмысқа дейін таласатын болады.
Көлік қымбат деп жылайтын қазақ қымбаттаудың көкесін енді көреді.
Ең қауіптісі – Ресейдің арнайы қызметтері мұнда қашқан өз азаматтарын бақылау үшін міндетті түрде мыңдаған агенттерін Қазақстанға кіргізеді.
– Қазақстанды бейбіт түрде жаулап алу басталды. Олай болмаса, көрші ел билігі «ешкімді елден шығармаңдар» деп бұйрық беретін еді. Бірақ олай етпеді. Басшылық дайындалуы тиіс,
– ДЕП ЕСКЕРТЕДІ БЕРДАЛЫ ОСПАН.