4 C
Алматы
Четверг, 21 ноября, 2024
spot_img

Яндекс өзінің жылдам жауаптары мен ақылды камерасын қазақ тілінде сөйлетті

Оқу жылының басында Яндекс іздеу мен мобильді қосымшаға жаңа білім беру сценарийлерін қосып отыр. Ол өте пайдалы мүмкіндіктерге жол ашады. Жаңалық алдымен мектеп оқушылары мен студенттерге, және іздемпаз жандарға арналған.

Іздеу жолағының астында жылдам жауаптар, яғни салынған сұрауға орай нақты фактілер көрініп тұратын болады. Бұл уақытты үнемдейді. Қазақ немесе орыс тілдерінде ақпарат табу үшін сайттарға өтудің еш қажеті жоқ. Мобильді қосымшадағы ақылды камера мәтінді аударуға, теңдеуді шешуге, өсімдік немесе жануардың қазақша атауын анықтауға ​​көмектеседі.

Қазақ тіліндегі алғашқы жылдам жауаптар

Қазақстандық пайдаланушылардың іздеу сұрауларының көбі оқу барысына байланысты болып келеді. Адамдар тарихи оқиғалардан бастап табиғат құбылыстарына дейін әртүрлі тақырыптар бойынша ақпарат іздейді. Енді жылдам жауаптар іздеу жолағының астында пайда болады. Осының арқасында, қажет ақпарат үшін сайтқа бару керек болмағандықтан айына 15 000 сағат үнемделеді. Мысалы, Яндекс өзінің жылдам жауаптарында Қазақ хандығының қашан құрылғанын, немесе мемлекеттік ту авторлары туралы ақпаратты бере алады.

Ақылды камера

Яндекстің мобильді қосымшасында ақылды камера қызметі бар. Ол іздеу мен компьютерлік жанар технологиясын қолданады. Белгілі бір заттың фотосы арқылы интернетте іздеу жасай алады. Егер камераны бөлмедегі гүлге бағыттасаңыз, ол гүлдің қазақша атауын көрсетеді. Дәл осылай сәулет немесе мүсін ескерткішінің атын білуге ​​болады.

Ақылды камераның көмегімен мәтіндерді қазақ тілінен ондаған басқа тілдерге, немесе керісінше шет тілдерді қазақ тіліне аудару өте қолайлы.

Ақылды камера тіпті фотосуреттегі текстті де мәтін ретінде тани біледі. Камераны қазақша мәтіні бар суретке бағыттап, сөздерді оңай көшіріп алуға болады. Қолмен мәтін теріп жатқаннан көрі бұл әлдеқайда жеңіл екенінмен келісуге болады.

Ақылды камераның бір қасиеті, ол оқушыға теңдеу дүрыс шешілді ме, соны анықтауға көмектесе алады.

Ақылды камераны есепке бағыттаса, ол шешімнің алгоритмін көрсетіп береді. Сол арқылы оқушы өз теңдеуінің шешу жолының бұрыс-дұрыстығын тексере алады. Ал ата-анасында баласына бағыт-бағдар беруге мүмкіндік пайда болады.

Ақылды камера сондай-ақ графикке бағытталған жағдайда функциясын анықтап, ол туралы толық ақпаратты қай сайттан алуға болатынын көрсетеді. Бұл балаға графиктің қалай құрылғанын білуге көмектеседі. Сол арқылы оқушы тапсырманы толық түсінеді.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар