Әсері жоқ вейптерге тыйым салуға қарсы азаматтық сауалды 50 мыңнан астам қазақстандық қолдады. Олар журналист, блогер және Tastau.qaz зиянды азайту қоғамдастығының негізін қалаушы Татьяна Фоминованың президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жазған (еш әсері жоқ вейптерге) тыйымдарға қарсы петицияға қол қойды.
Вейптерге тыйым салу туралы қызу талқылаудың нәтижесінде осы петиция жарияланған болатын. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен темекіге қарсы бастамаларымен танымал қоғамдық ұйымдар осы тыйымның бастамашысы атанған еді.
Татьяна Фоминованың петициясында қазіргі қалыптасқан ахуалды түзеуге түрткі болатын ой бар, яғни бізге қағаз жүзінде әлі мәселені шешпейтін тыйымдар емес, қатаң реттеу мен бақылау ауадай қажет.
«Жұмыс істемейтін тыйымдарға қарсы петицияның қоғам ішінде осындай күшті қолдауға ие болуы Қазақстан азаматтарының ойластырылған бақылау мен реттеудің орнына мәнсіз тыйым салудан шаршағанын тағы да дәлелдеп отырғандай.
Бастапқыда ересек темекі шегушілерге арнайы жасалған өнімдердің кәмелетке толмағандар арасында сатылуына тыйым салынса да, қолданыстағы нормалардың бұзылуына байланысты жасөспірімдер арасында аталмыш өнім кеңінен таралып кетті.
Мұндай жағдайда тыйым салу мәселені шешпейтінін көрсетті, тек вейп өнімдерін «көлеңкелі сауда айналымына» түсіріп, жемқор шенеуніктерге жағдай туғызып беретіні сөзсіз», – деді Татьяна Фоминова.
Айта кетелік, елімізде вейптер тек 21 жастан асқан азаматтарға ғана сатылады.
Басқа темекі өнімдеріне тыйым салудың қаншалықты тиімсіз екенін кальян мен снюс өнімдеріне жасалған тыйымнан байқауға болады. Елімізде 2020 жылы аталмыш өнімдерге тыйым салынған еді, бірақ олар әлі де сауда-саттықта, тек көлеңкелі айналымда жүр.
Петиция авторы ЕАЭО-дағы көршілеріміз және серіктестеріміз – Ресеймен және Қырғызстанмен ортақ шекарамыз бар екенін ұмытпаған жөн деп атап өтті. Өйткені, бұл елдерде вейп өнімдерін сатуға еркін рұқсат етілген. Егер Қазақстанда вейп өнімдеріне тыйым қабылданса, ортақ шекара мен кедендік бақылаудың жоқтығынан мұндай тыйымның орындалуы қиынға соғатынын, тыйым салудың бастамашылары да мойындап отыр.
«Қоғам белсенділері балалар мен жасөспірімдер арасында вейпті қолдану кең таралып, індетке айналып бара жатқанына тыйым салу қажеттігіне дәлел келтіріп отыр. Біз де осы уәжбен ғана келісеміз. Кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектер ешбір жағдайда никотин өнімдерін қолданбауы тиіс», — деп көрсетілген петицияда.
Петицияны қолдаушылар Қазақстан заңнамасында кәмелетке толмағандарға вейп сатуға тыйым салатын шаралардың бар екенін атап өтті.
Жасөспірімдер арасында вейп өнімдерінің кең таралуы негізінен қолданыстағы нормалар мен ережелердің сақталмауымен, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті тексеруге, оның ішінде жосықсыз сауда жүргізу орындарын тексеруге мораторий жариялаудан тұрады.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 110-бабында кәмелетке толмағандарға вейп сатуға тыйым салу мәселесі қарастырылған. Темекі бұйымдарының, оның ішінде электронды бұйымдардың да кассада сатылмауы және ашық орындарда тұрмауы керек деген ереже бар. Жасөспірімдерге вейптерді заңсыз сатуды қадағалаудың көптеген жолдары бар, бұл үшін тек бақылаушы органдардың жұмысын қамтамасыз ету қажет.
«2021 жылы Qazspirits қауымдастығы үкіметке электронды темекі санатын реттеу туралы ұсыныс жіберді. Алайда, темекіге қарсы ұйымдар мен Денсаулық сақтау министрлігі ұсынысымызды қарау мәселесін уақытша тоқтатты. Мұндай реттеуді ЕАЭО деңгейінде енгізу керектігі айтылды және осындай кемшіліктер елімізде кәмелетке толмағандардың осы өнімге қол жеткізе алуына түрткі болды. Үкімет пен Мәжіліс депутаттарын осы азаматтық сауалға назар аударып, толық тыйым салу емес, қатаң реттеу мәселесін қарастыруға шақырамыз», – дейді Qazspirits қауымдастығының басшысы Дмитрий Жуков.
Сонымен қатар, вейп – ересек темекі шегушілерге арналған өнім. Ұлыбританияда, Америка Құрама Штаттарында, Канадада, Скандинавия елдерінде және Нидерландыда темекі шегуді тастауға ынталандыру және темекі шегудің зиянын азайтуға арналған баламалардың бірі ретінде вейп өнімдері қолданылады.
«Айналымда бар және сатуға рұқсат етілген, ғылыми тұрғыдан зияны дәлелденген темекінің болуы кезінде вейпке тыйым салу – бұл Қазақстандағы миллиондаған темекі шегушілердің зияндылығы аз баламаны таңдау құқығынан айыруды білдіреді», – деп түйіндеді Қазақстан вейперлер қауымдастығының өкілі Антон Шишковский.
Петиция авторлары мен жақтаушылары дамыған елдердің үлгісімен және көршілердің тәжірибесін ескеріп, темекі мен алкогольдік ішімдіктер сияқты кәмелетке толмағандарға ғана вейпті сатуға тыйым салуды талап етеді және олар жалпы вейпті тыйым салмауға шақырады. Өйткені, бірнеше себептерге байланысты бұл тыйымдар бәрібір де жұмыс істемейді.