Ол қаражат 2023 жылғы футбол маусымында Қазақстан Кубогы мен Суперкубогына қатысатын клубтарға федерация төлейтін қаржы көлемін едәуір арттыратын болады.
Olimpbet басшылығы қаржылық жағдайдың айтарлықтай жақсаруы футболдан Қазақстан Кубогы мен Суперкубогына қатысушы командалардың да, көрермендердің де қызығушылығын арттыратынын атап өтті. Қазақстандық ең ірі букмекерлік кеңсенің демеушілігі қолжетімді телетрансляцияның, матч күндері стадиондардағы және одан тыс уақыттағы іс-шаралар сапасын жақсартуға бағытталған.
“Бұқаралық ақпарат құралдары Лиганың ел кубогының титулдық демеушісін өзгертуді жоспарлап отырғаны туралы жаңалықтарды белсенді түрде талқылап жатқан кезде, біз жалпы ұлттық спортты, атап айтқанда футболды қолдаудың таңдалған векторын ұстануды жалғастырамыз. Біз елеулі сапалық өзгерістердің ұзақ жолынан өттік. Olimpbet – Қазақстандағы №1 букмекерлік кеңсе. Біз серіктестермен қарым-қатынасымызды бағалаймыз және барлық деңгейдегі кәсіби спортты қолдау және дамыту, көптеген маусымдар бойы футболдың тұрақты серіктесі болу қағидаттарына адал екенімізді білдіреміз», – деді, Olimpbet букмекерлік компаниясының даму жөніндегі директоры Константин Гусев.