6 C
Алматы
Четверг, 21 ноября, 2024
spot_img

Ғабит Сәтмағамбетов компаниясы үстінен қылмыстық іс қозғау мәселесі көтерілді

«Нұр-Сұлтан Финанс» ЖШС инвесторы Әділбек Ахметов Астана мәслихатының экс-депутаты Ғабит Сәтмағамбетовтің бақылауындағы құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғамақшы деп жазады, ҚазТАГ ақпарат агенттігі.

Компра мәліметінше, осы фирманың құрылтайшысы — Ғабит Сәтмағамбетов.

«Заңгер және бірнеше инвестормен полицияға «Нұр-Сұлтан Финанс» ЖШС-не және жалпы G-Park компаниясына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы арыз жазуға бардық. Олар бізден бас тартты, содан кейін біз аудандық прокуратураға бардық, олар да бізден бас тартты. Енді біз қалалық прокуратурадан жауап күтеміз», — деді Ахметов ҚазТАГ агенттігіне.

Оның айтуынша, G-Park құрбандары аз емес. WhatsApp-та топта зардап шеккен 600-ге жуық адам бар. Онда видео, прокуратураға жазған хаттар, барлығы жиналған.

Полицияның Сәтмағамбетовтың DALA INSIDE үстінен жазған арызын бірден қабылдап, қылмыстық іс қозғап жібергенін еске салған бастамашыл топ өз арыздарын органдардың қараусыз қалдырғанына таңырқап отыр.

Себебі, бұл оқиғада 600-ден астам жәбірленуші, қолындағы сот шешімін орындата алмай жүрген 15-20 адам бар.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар