6 C
Алматы
Четверг, 21 ноября, 2024
spot_img

Ресейде Нығматулиннің ұлдарымен байланысты компаниялардың шоты бұғатталды

Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ұлдарымен байланысты компанияның шоттары бұғатталды.

«НДФЗ» ЖШС-нің ағымдағы шотында (…) және басқа ағымдағы шоттарда орналасқан және алынған 158 851 237,80 рубль қаражат бұғатталсын», — делінген Кемерово облысындағы Арбитраж сотының хабарламасында.

Батыс Сібір электрометаллургиялық комбинаты Новоджамбул фосфор зауытын сотқа берген. Зауыт қандай себептермен сотқа шағымдануға шешім қабылдағаны белгісіз, бірақ әңгіме қарызды өндіру туралы болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Нығматулиннің туған бауыры Ерлан Нығматулиннің басы дауға қалған болатын. Қарағандылық кәсіпкер Алексей Лукьянченко Ерлан Нығматулин әлі күнге дейін рейдерлік шабуыл жасап жүргенін айтты. Алексей Лукьянченко рейдерлік шабуыл ісі бойынша қылмыстық іс қозғалуы керегін айтады. Сонымен қатар, кәсіпкердің сөзінше, Қарағанды облысында Нығматулиндердің ықпалы әлі де зор. Ол Нығматулиндер аймақтағы туристік саланы өз қолына алғысы келетінін айтады.

Артынша саясаттанушы Данияр Әшімбаев оларға қатысты қауесеттің түбі өтірік деді.

Саясаттанушы Нығматулиндерге ақпараттық шабуыл жиі жасалатынын айтады.

«Дискредитация бойынша кампания әлі де жүріп жатыр. Ай сайын «рейдерлік» немесе «ұпайларды реттеуге» қатысты жазбалар шығып тұрады. Тіпті біреу Ерлан Нығматулин қамауға алынды деп, артынан ол өтірік ақпарат болып шықты.

Нығматулиндерге қатысты «қара майнерлерге» қатысты ақпарат та тарады, артынша ол ақпарат та расталмады.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар