-2.1 C
Алматы
Суббота, 23 ноября, 2024
spot_img

Toyota Camry 80 қазақ жүрегі үшін соғыста оңбай жеңілді

Биыл Тойота Камри 80 моделі премьера ретінде автосалонда көрсетіледі. Ал 2024 жылы Қазақстанға жетпек.

Бірақ оның бізде баяғыдай жаппай сатылуы күмәнді. Себеп: Тойота ай қарап жүргенде корей мен қытай автопромы Қазақстанды толық жаулап алды.

Тіпті жаңа Camry дизайны да корей мен қытай көліктерін қайталайтын сияқты. Мысалы, алды жағы JАС пен Elantra-ға қатты келеді. Арты аумаған Қытайдың Xpeng көлігі.

Camry өзгелер жасаған мода аясынан шыға алмағанын байқатты. Жіңішке диодтар, үлкен ауа жұтқыш, кузовқа тігістіріліп кірілген тұтқа, 2 дисплейі болады. Бірақ мұны бізге КИА, Hyundai, Exeed, Jac маркалары баяғыдан бері көрсетіп қойған болатын.

Қазақстан нарығында жаңа Camry бағасы 22 миллион теңгеден басталатын болады.

Мұндай баға әрине сату көлемін тежейтіні анық. Кезінде Lada-дан кейін сатылым бойынша екінші сатыда жүрген Camry жыл сайын өз позициясын жоғалтып, енді бесінші орынға құлдырады. Абсолютті хит — Шевроле Кобальт. 2022 жылы (қаңтар-қараша) бізде 30 749 Шевроле сатылған. Ал Тойота бар болғаны 8593 көлік сата алған.

Бір жағынан бұл адамдардың жаңа көлікті, бірақ арзандауын таңдай бастағанын көрсетеді. Демек, Қазақстанда Camry дәуірі аяқталды деуге толық негіз бар.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар